Теміртау қаласында ашық форматта жұмыс істейтін учаскелік полиция бөлімі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртау қаласында ашық форматта жұмыс істейтін учаскелік полиция бөлімі ашылды

31.10.2018

Бұл - құқық қорғау органдарының облыстағы алғашқы шынылы ғимараты. Учаскелік бөлімде 6 қызметтік кабинет бар. Бастан-аяқ заманауи үлгіде жабдықталған. Электронды қызмет көрсету жұмысы да жолға қойылған. Мұнда учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция, пробация қызметінің инспекторлары, жол полициясының қызметкерлері жұмыс істейді. Тұрғындарға кез келген уақытта құқықтық жәрдем көрсетіліп, кеңестер алу үшін қабылдау жүргізілмек. Сондай-ақ, көшедегі бейнекамералар бақыланады. Енді қаланың 2 ықшамауданында тұратын 14 мыңнан астам тұрғынға осы жерден қызмет көрсетіледі. 

Ерғали Байбатшаев, учаскелік полиция инспекторы:

- Мына ашылып жатқан аймақтық пунктің ерекшелігі - терезелерінің барлығы оқ өтпейтіндей жасалған. Айналаның барлығын көріп отырамыз. Ішінде барлық база орнатылған. Жан-жағымызды камера арқылы бақылай аламыз.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу