Құрманғалиевтер отбасының орман шаруашылығындағы еңбек өтілі 458 жылға тең - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрманғалиевтер отбасының орман шаруашылығындағы еңбек өтілі 458 жылға тең

26.10.2018

Еңбек адамын құрметтеу -  болашақ ұрпақты еңбекқорлыққа тәрбиелейді. «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай» республикалық форумына қатысушылардың пікірі осындай. Бұл жиын жұртшылықты еңбек ұжымдарының тыныс-тіршілігімен таныстырып, озаттар мен үздіктердің ізгі жолын насихаттауға бағытталған.

Биыл «Үздік еңбек әулеті» номинациясында Құрманғалиевтер отбасы жеңімпаз атанды. Отбасы мүшелерінің орман шаруашылығындағы еңбек өтілі 458 жылға тең. Бұл әулеттің 25 мүшесі ұрпақ сабақтастығымен осы салада еңбек етіп келеді. Ал, «Өндірістегі үздік жас жұмыскер» номинациясында Атырау облысындағы «Доссормұнайгаз» кәсіпорнының жұмыскері Айбек Тұрсынбекұлы жеңіске жетті.

Ләззәт Қажаева, тарих пәнінің мұғалімі /ШҚО/:

Еңбек адамы болу үшін күш-жігер, ынта керек. Өз мақсатына жету үшін күш-қуатын аямау керек. Сонда өз арманына толық жетеді.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу