Төлеутаевтар әулетінен  30-ға жуық медицина қызметкері шыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төлеутаевтар әулетінен  30-ға жуық медицина қызметкері шыққан

18.06.2017

Бүгін дәрігерлердің жұлдызды күні. Күнделікті ақ халатын әдемі көйлекке ауыстырып, қыз-келіншектер медициналық маскасын мерекелік «MakeUp»-қа алмастырған. Операция мен ординатор бөлмесі, палата мен қабылдау бөлмесінен шыға бермейтін олар бұл күні театрда бас қосты. Мыңға жуық дәрігер арасында біздің кейіпкерлер де бар. 

Астанадағы онкология диспансерінің бас дәрігері, хирург, қалалық мәслихаттың депутаты Мұхтар Төлеутаев бүгінгі жиынға жұбайы, кардиолог-дәрігер Гүлнар Төлеутаевамен келген.

Төлеутаевтар отбасын дәрігерлер династиясы деуге болады. Бір әулеттен 30- ға жуық медицина қызметкері шыққан. Отбасының медицинаға берген жалпы еңбек өтілі 400 жылға жақындайды. Қазір екі ұлы да ата-ана жолын қуып дәрігер болған.

Айнұр ОМАР

Хабарламаларға жазылу