Алматыда Мәжіліс депутаттары өндіріс орындарын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Мәжіліс депутаттары өндіріс орындарын аралады

25.10.2018

«Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева бастаған бір топ депутат Алматыдағы бірқатар өндіріс орнын аралады. Олар кәсіпорындардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, ұжымымен кездесті. Кездесуде мәжілісмендер Елбасының Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру тетіктерін түсіндірді. Мәселен, маргарин және май өнімдерін шығаратын «ЭФКО АЛМАТЫ» зауыты қазір 90 пайыз автоматтандырылған. Соған қарамастан, соңғы 5 жылда жұмысшылардың санын қысқартпаған. Керісінше, мемлекеттің қолдауымен өрісін кеңейтіп, жаңа бағыттар да дамып келеді. Жаңа технологиялардың арқасында тәулігіне 450 тонна соя, 140 тонна бутилирленген май, 100 тонна маргарин өндіреді.

Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі:

- Елбасының бизнес картаны 25 жылға дейін жалғастыру ұсынысы бұл ұжымда толық қолдау тауып отыр. Себебі, бұл ұжым бұрында да сол Жол картасымен жұмыс істеген. Қазір де сол картамен жұмыс істемек жоспары бар. Ол үлкен жеңілдік. Егер кредиттер 18 пайызбен берілетін болса, мемлекет оны субсидиялағанда зауыттың өзіне 10 пайызға түседі.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу