«Астана хаб» халықаралық технопаркінде қос елдің өкілдері бірлесе өткізген форум соған үлесін қоспақ. Бұл жиынға қатысқан француз кәсіпорындары мен сарапшылары Қазақстанға ІТ саладағы жаңашылдықтарын ұсынды. Франция цифрлық технологияларды енгізу бойынша Еуропа елдерінің ішінде көш бастап тұр. Биылғы индустрия мен технологиялардағы цифрлық бағдарламалардың өнімі 56 млрд. еуро құрайды деп күтілуде. Сондай-ақ, Франция киберкеңістіктегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау мәселелері бойынша халықаралық аренада идеяларын ұсынып жүр. Сондықтан, цифрлық бағыт алған Қазақстан үшін де бұл елдің тәжірибесінен алары мол.
Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:
- Қос елдің экономикалық қарым-қатынасының әлеуеті зор деп сенемін. Бұған технологиялық жаңашылдықтар мен жаңа жобалардың септігі мол болатыны сөзсіз. Өйткені, Еуропа елдері ішінде Францияның цифрландыру саласында көшбасшы екенін ескерсек, біз үшін бұл елдің тәжірибесін алу – жақсы мүмкіндік. Осындай ынтымақтастығымыз жалғаса берсе, екі ел бірігіп талай ортақ жобаны жүзеге асырып, үлкен жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын.
Филипп Мартинэ, Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:
- Француз кәсіпкерлері үшін «Ақылды қала» бағытындағы жобалар қызық және мүмкіндіктер мол. Жалпы, кез келген салада біздің ІТ-мамандар мен кәсіпорындар Қазақстанда өз тәжірибелерімен бөлісіп, стартап-жобаларды ұсынуға әзір. Жақында ғана біздің кәсіпкерлер ауыл шаруашылғын цифрландыру бойынша бірнеше идея айтып кетті. Бастысы, алған бағытынан таймаса, Қазақстан да цифрландырудың жемісін көреді. Бұл оңай жұмыс емес. Біртіңдеп, сатылап енгізілетін жүйе. Ал, біз қолғабыс етуге әрдайым дайынбыз.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.