Салалық кәсіподақтар сандық жүйеге көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салалық кәсіподақтар сандық жүйеге көшеді

24.10.2018

Елімізде шағын және орта бизнестегі жұмыскерлердің құқығы көп жағдайда қорғалмайды. Бұл туралы Алматыда өткен басқосуда кәсіподақтың іскер өкілдері айтты. Олардың сөзінше, жұмысшылар талабының орындалмауына еңбек шартының жасалмағандығы себеп болса, бұдан былай мүдделерін қорғауда жұмыс берушіге жауапкершілік арту қажет. Ал, биыл жаңа жүйемен қайта құрылған кәсіподақ құрамына 15 мыңнан аса адам кірді. Оларға құқықтарын қалай қорғау керек екендігі жіті түсіндіріледі.

Айта кетейік, жаңа жүйе бойынша кәсіподақ жұмысы қағазсыз кәсіподақ талаптарына сай электронды түрде жүреді. «Бұл жұмысты ашық әрі уақыт жағынан тиімді етеді», - дейді мамандар.  

Сатыбалды Дәулеталин, Орта және кіші бизнес жұмыскерлері салалық кәсіподағының төрағасы:

- Қазақстан кәсіподағының тарихында бірінші рет тек қана жұмыскерлер емес, кәсіпкерлерді де тартып жатырмыз. Неге? Себебі, жұмыс берушіге жағдай туғызбай, жұмыскердің жағдайы түзеледі дегенге сену қиын.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу