Алматыда жерге жалған құжат дайындаған алаяқ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жерге жалған құжат дайындаған алаяқ ұсталды

12.10.2018

Алматының Алатау аудандық соты жерге жалған құжат жасап, 10 адамды алдаған алаяқты темір торға қамады. Ұсталған азамат жалпы құны 14 млн. 578 мың теңге алды деп айыпталды. Ол азаматтардан ақша жинап, иесіз жатқан бос жерлерге жалған құжат жасаған. Алатау аудандық сотының судьясы сотты ашық түрде өткізіп, басқа азаматтарды сақ болуға шақырды. Ал, қаншама жанды әлекке салған әккі азаматты 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.   

Марат Нұрбеков, Алатау аудандық сотының судьясы:

- Бұл қылмыстық істе екі бірдей заң бұзушылық бар. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-ші бөлімі, 385-бабының 2-бөліміндегі нормалар сақталмаған. Яғни, мемлекеттік құжаттарды қолдан жасау, ірі мөлшерде ақша жинау фактілері анықталды.

 

Аманкелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу