Ақтаудағы іріңді менингит ауруына шалдыққан сарбаздың жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаудағы іріңді менингит ауруына шалдыққан сарбаздың жағдайы ауыр

09.10.2018

Барынша ем жасалып жатқанымен, ол әлі ес-түзсіз күйде. Естеріңізге салайық, осыдан 9 күн бұрын қаладағы №66/56 әскери бөлімінің 21 жастағы сарбазы алдын ала болжам бойынша, менингококк инфекциясымен ауруханаға түскен. Сараптама қорытындысы оның іріңді менингит ауруына шалдыққанын көрсетті. Әскери бөлімде карантин жарияланып, тағы 12 жауынгер жедел респираторлы вирустық инфекциямен аурухана жатқызылды. Бүгінде 7 сарбаз үйіне шығарылды. Қалған 5-еуінің де жағдайы жақсы. 

Аягөз  ОРАЛБАЙҚЫЗЫ     

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу