Мәулен Әшімбаев ұстаздарды мерекемен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев ұстаздарды мерекемен құттықтады

04.10.2018

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары мереке қарсаңында елордалық мұғалімдерге сый-құрмет көрсетті. Мәулен Әшімбаев Астанадағы ерекше білім ошақтарының біріне барып, ондағы жаңашылдықтармен танысты. №83 мектеп-гимназияда мүмкіндігі шектеулі балалардың еш қиындықсыз оқуына барлық жағдай жасалған. Мұнда кедергісіз орта қалыптасқан десе болады. Яғни, арнайы парта, тұтқалар және пандустар орнатылған. Ал, балалар халықаралық тәжірибеге негізделген инклюзивті білім берудің жүйесімен оқытылады. «Нұротандықтар» мұғалімдерге еселі еңбектері үшін алғыс білдіріп, үздік ұстаздарға алғыс хат табыстады. 

Назгүл Қарина, мұғалім:

- Ұстаздарға көптеген қамқорлық жасалып жатыр. Мәселен, бізді қоғамдық жұмыстардан босатқаны қуантады. Қағаз жұмыстары компьютерге көшкені де қуантарылқ жағдай. Біз жұмысымыздың ауыртпалығын жақсы шәкірттеріміздің жетістігін көрген кезде ұмытып кетеміз.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу