Сөйлемдердің орналасу тәртібі жағынан қазақ және жапон тілдері бір-біріне өте ұқсас. Бұл туралы «Орталық Азия елдері мен Жапонияның тарихы және бүгінгі қарым-қатынасы» тақырыбында дәріс оқыған жапон ғалымы Уяма Томохико айтты. Оның мәлімдеуінше, қос ел арасындағы қазіргідей тығыз достық қарым-қатынасқа Жапонияның 19-шы ғасыр соңындағы Орта Азия елдерімен орнатқан берік байланысы себеп.
«Сол ынтымақтастық аясын кеңейту үшін бүгінгідей пікір алмасулардың орны ерекше», – деді ғалым. Сондай-ақ, Томохико Алаш зиялыларының қатарында жапон дамуына, өркениетіне ерекше мән берген тұлғалар жайында да әңгімеледі.
Уяма Томохико, Хоккайдо университеті славян-еуразиялық зерттеу орталығының профессоры:
- Түркі академиясындағы дәрісімде Алашорда жайлы айттым. Кеңес одағы тұрған кезде мұсылман елдермен байланысу өте қиынға соғып еді. Бірде Мұстафа Шоқай жапон саясаткерлерімен әңгіме барысында Жапонияның панисламдыққа араласудағы қаупі туралы ескерткен. Себебі, ол кезде Түркия мен Иран мемлекеттерінің мүддесі панисламдық идеологиямен сәйкес келе бермейтін тәуелсіз мемлекеттер болатын. Менің ойымша, Мұстафа Шоқай осы қауіпті сезген секілді.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.