Қырғыз студенттері Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындарын таңдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз студенттері Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындарын таңдайды

09.09.2015
Қырғыз студенттері Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындарын таңдайды

Бұл туралы ТМД елдерінің білім саласындағы ынытмақтастық кеңесінде Қырғызстанның Білім министрі Эльвира Сабирова айтты. Қырғызстандық студенттер әсіресе «КИМЕП» университетін таңдайды екен.

Оған себеп, Бішкек пен Алматы арасының жақындығы және біздегі білім жүйесінің сапалылығы. Айта кетейік, Астанада достастық елдерінің білім жүйесіндегі ынтымақтастық кеңесінің кезекті отырысы өтуде. Биыл кеңеске Қазақстан төрағалық етеді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу