Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау, яғни, субсидиялау процестерін автоматтандыру - өтініштерді қарастыру мерзімі 2,5 есеге қысқаратын болды. Бұл шара саладағы жемқорлықты азайтуы тиіс. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев осылай деді. Ведомство өкілінің айтуынша, субсидиялаудың негізгі 14 бағытының ішінен биыл тыңайтқыш саласы толық автоматтандырылды. Жыл соңына дейін қалған бағыттар іске қосылады. Нәтижесінде өтініштерді қарастыру 18 күннен 7 күнге дейін азаяды. Қолға алынған бұл бастамалар субсидиялау үрдісіне лауазымды тұлғаларды қатыстырмайды. Вице-министрдің айтуынша, саланы автоматтандыру өтініш берген шаруа иелеріне өздерінің істерін онлайн режимде бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауыл шаруашылығын субсидиялау өтініштерін қарастыру мерзімі 2,5 есеге қысқарады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/62235/)