Фермерлерге субсидиялық қарыздар түгел төленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фермерлерге субсидиялық қарыздар түгел төленеді

03.12.2019

Үкімет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер алдында өзіне жүктелген міндеттемелерін толық орындап отыр. Фермерлерді қолдау механизмдері нақты нәтиже беруде. Соның бірі — субсидиялау тетігі. Қостанай облысындағы «Олжа-агро» холдингі биыл мемлекеттен 3 миллиард теңге көлемінде субсидия алған. Мекеменің бас директоры Айдарбек Қожаназаров осындай ірі көлемдегі қолдаудың нәтижесінде еңбек өнімділігін бірнеше есеге арттырғандығын айтады. Бүгін ол Үкіметтегі жиынға арнайы қатысып, сапалы субсидиялау саясаты саланың инвестициялық тиімділігін арттырып жатқандығын жеткізді.

Фермерлерге субсидиялық қарыздар түгел және толықтай төленеді. Бұл мәселе бүгін Үкіметте жан-жақты талқыланды. Премьер-Министр Асқар Мамин нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, мал шаруашылығын субсидиялауға қажет 36,8 миллиард теңгені және инвестициялық субсидиялар бойынша 11,7 миллиард теңге қарыз қалдығын жабуды тапсырды. Шаруашылықтарды қолдау арқылы импорттық тауарларға деген тәуелділіктен арылудың кешенді жоспары іске асуда.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу