Шымкент халқы қала күнін атап өтті
Шымкент тұрғындары таңнан бастап түрлі мерекелік шараларға қатысып, концерттік бағдарламаларды тамашалады. Облыс орталығының дамуына атсалысқан бірқатар азаматтарға «Қаланың құрметті азаматы» атағы берілді.
Қала басшылығы сондай-ақ, қаланың ең жас тұрғыны Алдияр Шынарбекті перзентханаға арнайы барып құттықтап, жас отбасының екінші нәрестесіне сый-сияпаттар жасады. Сондай-ақ бүгінде шаһардың ең қарт тұрғыны саналатын 105 жастағы Алпа әжейдің үйіне де барды.
Қала күні мерекесі орталық ипподромда жалғасын тапты. Онда көкпар, ат жарыс, қыз қуу сияқты ұлттық спорттың бірнеше түрінен өзара жарыс ұйымдастырылды.
Бұдан өзге айтулы мереке орталық алаңда «Алтын күз» карнавалдық шеруіне ұласты.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін XXV қысқы Олимпиада ойындарының жалауы желбірейді
06.02.2026, 20:59
Әлем жаңалықтарына шолу
06.02.2026, 20:15
Қарлы боранда қалғандар құтқарылды
06.02.2026, 20:14
Жойқын желден Жаңатаста 10 үйдің шатыры ұшты
06.02.2026, 20:12
Мәжіліс төрағасы Беларуське ресми сапармен барды
06.02.2026, 20:10
Астанада 45 жол-көлік оқиғасы тіркелді
06.02.2026, 20:09
ЮНИСЕФ: Желіге байланған әр бесінші бала зиянды контент қарайды
06.02.2026, 20:08
«Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды
06.02.2026, 20:08