«Қазақ радиолары» «Media Week» алаңынан көшпелі студия арқылы ақпарат таратты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақ радиолары» «Media Week» алаңынан көшпелі студия арқылы ақпарат таратты

01.10.2018

Бұған дейін тек тыңдап қана келген «Қазақ радиоларын» енді көруге де болады. Бұл мүмкіндіктерін радио өкілдері Астана медиа апталығында көрсетіп, Орта Азиядағы ең ірі шарадан жедел әрі алғаш болып ақпар таратты. «Media Week» алаңына көшпелі студиясын орналастырған «Qazaq», «Shalqar» және «Astana» радиосын әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы мыңдаған адам тамашалай алды.

Үш күн бойы масс-медианың мықты мамандарымен сұхбат ұйымдастырылып, мән берілуі тиіс мәселелер мен оны шешу жолдары тікелей толқында талқыланды.

Сондай-ақ, аталған радиолардың сайтына кіріп, күнделікті эфир барысын онлайн режимде көруге болады. Ол үшін студиялар арнайы камералармен жабдықталған. Бұдан бөлек, әр жүргізуші өзінің жеке парақшалары арқылы тікелей көрсетілім ұйымдастырып, іштегі дүниені бейне түрінде бере алады.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу