Жат жерден баласының мәйітін елге қайтара алмай жүрген отбасының жағдайына қатысты Сыртқы істер министрлігінің өкілі арнамызға сұхбат берді. Ведомство Корея билігімен келісімдер жүргізіп, отандастарымызға барынша көмек көрсетуге ниетті екенін жеткізді. Алайда, аурухана алдындағы қарызды баланың ата-анасы өздері өтеуі тиіс, - дейді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы.
Айбек Смадияров, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:
- Бұл мәселе біздің министрліктің ерекше бақылауында. Біздің Сеулдағы консул сол баланың ата-анасымен күнделікті байланыста. Қазіргі күні аурухананың басшылығымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Өкінішке орай, сома өте жоғары. 80 мың доллардан асып кеткен. Мембағдарламалар бойынша аурухананың төлемін қайтадан өтеу туралы көзделмеген. Сондықтан, мемлекет тарапынан тек қана баланың денесін Қазақстанға жеткізуге болады.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.