Алматыда бұршақ аралас жаңбыр жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бұршақ аралас жаңбыр жауды

24.09.2018

Бүгін Алматыда дауыл соғып, бұршақ аралас жаңбыр жауды. Түске дейін жарқырап тұрған күн райы сағат бірлер шамасында күрт бұзылды. Соның салдарынан, көшедегі ағаштар құлап, көліктерді басып қалған. Қаланың әр бұрышында көліктердің үстіне ағаш құлағаны туралы тұрғындар әлеуметтік желілерде жазды. Түстен бастап жауған жаңбыр кеш бата көлік қозғалысына да, жаяу жүргіншілерге де біраз кедергі келтірді. Әзірге қаланың коммуналдық қызметі нақты қандай шығындар келтірілгендігі туралы ақпарат жарияламады. Ал, «Қазгидромет» мамандары алдағы үш тәулікте ауа райы осылай құбылады, деп отыр. 

Рахима Әзімханова, қала тұрғыны:

- Жолды жасады. Бірақ, ешқандай су кететін жері жоқ. Автобустар келеді де, аялдамаға тоқтамайды. Айдаладан түсіріп кетеді, қалай болса солай.

Лаура Зейтаева, қала тұрғыны:

- Азанда жұқа киініп шығып едік. Бүгін аяқ астынан суып кетті.

 

Аманкелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу