БҚО-ның Федоров ауылында ішетін судан колиморфты бактериялар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-ның Федоров ауылында ішетін судан колиморфты бактериялар табылды

21.09.2018

Қауіпті ауызсу. Батыс Қазақстан облысының Федоров ауылында ішетін  судан колиморфты бактериялар табылды. Арнайы тексеріске ауыл тұрғындарының шағымы түрткі болды. Нәтижесінде су тазалағыш станцияның сынамасында адам өміріне қауіпті ішек таяқшалары анықталды. Құзырлы органдардың араласуынан соң су құбырлары дезинфекцияланды. 

Бауыржан Ахметжан,  БҚО прокурорының аға көмекшісі:

- «Теректі таза су» кәсіпорны, яғни, сумен ауылды қамсыздандыратын мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 10 АЕК түрінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, су беретін станцияға жаңадан насос және де фильтр қондырылды.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу