БҚО-ның Федоров ауылында COVID-19 жұқтырғандар саны артып, карантин күшейтілді

14.09.2020

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының орталығында карантин шаралары күшейтілді. Бұған себеп COVID-19 жұқтырғандар қатарының артуы. Елді мекенде ірі сауда орындары мен азық-түлік базарлары, спорт нысандары, саябақтар жабылып, 65 жастан асқандардың көшеге шығуы шектелді. Сондай-ақ түнгі мезгілде көлік қатынасы тоқтатылды. Той тойлау және басқа да ұжымдық басқосулар өткізуге тыйым салынды. Ауру жұқтырғандар арасында екі дәрігер де бар.

Мұхамғали Арыспаев, Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы:

- Медбикелер бұрын ауырған адамдардан жұқтырған. Екеуі де емделіп жатыр. Жағдайы қазір жақсы.

Рауан Диәли

Хабарламаларға жазылу