Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасының» іске асырылуын «Нұр Отан» партиясының өкілдері бақылауға алып, жіті қадағалап жатыр. Осыған байланысты бүгін партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Алматыға барды.
Ол қалада биыл ашылған екі жатақхананы аралап көрді. Әшімбаевтың сөзінше, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті мен Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің студенттер үйі өзгелерге үлгі болуы керек. Сондай-ақ, партия төрағасының бірінші орынбасары жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, шағын несие беру мәселелерін талқылады. Бұдан басқа, Мәулен Әшімбаев Президенттің «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспаналы болған тұрғындарға пәтер кілттерін табыстады.
Мәулен Әшімбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
- Соңғы жылдары елімізде көп жұмыстар жасалып жатыр. Бірақ, дегенмен Қазақстан халқының саны да өсуде. Қалаларға, мысалы, Алматыға, Астанаға келіп жатқан халықтың саны да көп. Сондықтан, баспанаға деген сұраныс өте үлкен. Соны қамтамасыз ету үшін Елбасымыз «7-20-25» бағдарламасын жария етті. Бүгінгі таңда осы бағдарлама өте нәтижелі жүзеге асырылып жатыр деп айтуға толық негіз бар. Мінеки, керемет үйлер салынып жатыр.
Амангелді СЕЙІТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.