Мәулен Әшімбаев: ІТ-сыныптарын ауылдарда көбірек ашу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев: ІТ-сыныптарын ауылдарда көбірек ашу керек

07.09.2018

ІТ-сыныптарын ауылдарда көбірек ашу керек. Бұл туралы Атырауға іс-сапармен барған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев айтты. Алдымен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» қызметкерлермен кездескен партия Төрағасының бірінші орынбасары, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысы жөнінде айтты.  Кәсіпорында 1800 адам жұмыс істейді, оның көбі  партияға мүше. Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев, Халел Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеттің студенттерімен кездесіп, оқу үдерісіндегі жаңашылдықтармен танысты.  «Білім-Инновация» лицейіне де арнайы барды. Оқушылардың заманауи технологияға негізделген жобаларын көрді. 

Мәулен Әшімбаев,  «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

- 21 ғасырда балаларға ағылшын тілі емес, бағдарламалаудың тілін үйрену керек. Өйткені, қазір технологияларды игеріп, бағдарламалауды білетін болса, бүкіл әлемдегі адамдармен араласуға, түсінісуге мүмкіндік туады.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу