Ақтөбеде күйік шалған екі адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде күйік шалған екі адам қайтыс болды

17.09.2018

Ақтөбеде жанармай таситын көлік жарылысынан зардап шеккен екі адам ауруханада қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, денелерінің көп бөлігін күйік шалғандықтан оларды ажалдан арашалап қалу мүмкін болмады.

Естеріңізде болса, бұған дейін қала іргесіндегі мұнай өнімдері қоймасында жанармай таситын көлік жарылып, үш адамның зардап шеккенін хабарлаған едік. Ер адам 15-інші қыркүйекте, әйел адам бүгін жан тапсырды. Мүрделер сот-медициналық зерттеуге жіберілді. Қазір еңбек инспекциясы осы оқыс оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын жүргізуде. Ал, көлік жүргізушісінің жағдайы жақсы, жақын күндері ауруханадан шығады. 

Жақсыбек КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу