Елімізде әскер қатарына шақыру науқаны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде әскер қатарына шақыру науқаны басталды

14.09.2018

Елімізде әскер қатарына шақыру науқаны басталды. Бұл туралы бүгін Қорғаныс министрлігінің өкілдері хабарлады. Олардың айтуларынша, 11 қыркүйектен бері шекара қызметіне іріктеу жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 17-і мен 27-і жас аралығындағы 18 мыңға жуық азамат Шекара, Ұлттық Ұлан, Мемлекеттік күзет және  Қарулы күштердің сарбазы атанады. Айта кету керек, әскерге шақыру жылына екі рет жүргізіледі. Заң бойынша борышын өтеуден себепсіз бас тартқандар айыппұл арқалап, екі жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Ереже негізінде ауылды жердегі мұғалімдер мен дәрігерлерге және діни қызметкерлерге арнайы жеңілдік қарастырылған. Ал, ауыр тұрмыс жағдайындағы ер балалар әскерден босатылады.

Ардақ Кукатов, ҚР Қорғаныс министрлігі ұйымдастыру және жұмылдыру жұмыстары жөніндегі департамент басшысының орынбасары:

- Ата-анасы зейнет жасында және оларға қарайтын бала болмаса, сондай-ақ, жалғыс басты ананың шақырушыдан басқа бірден көп бала тәрбиелеп отырса, ол азаматтар әскерден босатылады.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу