Талдықорғанда зағип және көру қабілеті нашар жандар арасында республикалық «Екі жұлдыз» ән байқауы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда зағип және көру қабілеті нашар жандар арасында республикалық «Екі жұлдыз» ән байқауы өтуде

14.09.2018

Шараға еліміздің әр аймағынан 10-нан астам жұп қатысуда. Екі жыл бұрын қолға алынған әншілер сайысы жаңа таланттарды анықтауға өз үлесін қосып келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың сахнаға шығып, өзін кәсіби әнші сезінуіне және ары қарай шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жылдан жылға байқауға қатысушылар саны мен аймақтар қатары артып келеді. 

Әлікен Дәркенбаев, «Жетісу шабыты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- 2017 жылы біздің «Жетісу шабыты» мүгедектер қоғамдық бірлестігінен екі жұп 14 облыстың ішінде гран-при ұтып келген. Сол конкурстың заңы бойынша биыл Талдықорған қаласында өткізіп отырмыз. 

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу