Таразда жас журналистердің форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда жас журналистердің форумы өтті

13.09.2018

Таразда студенттер арасында «Жас қалам» жас журналистер форумы өтті. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры және Қазақстан жастар конгресі ұйытқы болған шарада елімізге белгілі журналистер дәріс оқыды. Журналист болсам деген жастарға қазіргі медиа саласының қыр-сырын баяндап, ақпарат таратуда ескерілетін басты қағидалар айтылды. Өңірде енді білдей мемлекеттік жоғары оқу орны медиа саласының мамандарын даярлайды. Шараға келген 500 студентке арнайы сертификат та табысталды.

Нартай Аралбайұлы, журналист:

- Журналист боламын, маман боламын деген азаматтарға барлық мүмкіндік бар. Әріптестерімізбен Америкаға да, «Останкиноға» да барып келіп жатырмыз. Ол жақтың технологиясының біздікінен ешбір айырмасы жоқ, ең бастысы, өз ісіңе, жұмысыңа деген көзқарас, махаббат. Осы ғана айырмашылық. Сондықтан, қазақ журналистикасы биікке көтеріледі.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу