Таразда медиаторлар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда медиаторлар форумы өтті

06.08.2018

Тараз қаласында облыстық медиаторлар форумы өтті. Істі сотқа жеткізбей, бейбіт түрде шешуді көздеген бітімгерлер дау-дамайды шешу мен оның алдын алуда ұтымды стратегияны таңдау керек дейді. Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен медиаторлар дайындау 2015 жылдан бері қолға алынған. Қазір тек Жамбыл облысында 90 бітімгер жұмыс істеуде. Нәтиже де жоқ емес. Тек медиаторларды маман әрі психолог ретінде оқыту жүйесін енгізу қажет. Дау-жанжалды сотқа дейін шешумен айналысып жүрген азаматтардың жасын да бекіткен дұрыс. «Медиаторларға қойылатын талаптарды жоғарылатып, жұмыс әдісін жетілдіру – жүйенің заманға сай қалыптасуына жол ашады», - дейді мамандар.

Лариса Сафонова:

- Қазіргі уақытта медиация саласы кеңінен дамып келеді. Біздің елімізде осы саланың дамуына барлық жағдай жасалған. Жамбыл облысында қазір 90 медиатор жұмыс істейді. Барлығы бірдей жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймыз. Насихаттық жұмыстарды жетілдіру керек.

 

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу