Мемлекеттік аппаратты оңтайландыру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік аппаратты оңтайландыру

12.09.2018

Қарамағындағы қызметкерлер саны 7 адамға жетпейтін басшылық штаттардың бәрі қысқартылуы тиіс. Мемлекеттік қызмет агенттігі осындай бастама көтерді. Қостанайда осы тақырыпта «Мемлекеттік аппаратты оңтайландыру бойынша заманауи әдістер» атты дөңгелек үстел өтті.  

Жүргізілген зерттеулер орындаушыдан гөрі басшылар көп мемлекеттік органдар әлі күнге дейін бар екендігін көрсетіп отыр. Сондықтан, бұл салаға оңтайландыру жұмысын жүргізу күн тәртібінде тұр. Мамандар «мемлекеттік қызметті реформалау АҚШ, Сингапур, Жаңа Зеландия сынды елдердің тәжірибесіне сүйене отырып жүргізілуі тиіс», - дейді. 

Салауат Мүксімов,  ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігі облыстық департаментінің басшысы:

- Жалпылап айтқанда, осының барлығы қажетсіз шығынға, мемлекеттік басқарудың тиімсіздігіне әкеледі. Мәселенің екінші жағы – оңтайландыру жолында мемлекеттік қызметшілердің, өзгеде жұмысшылардың құқықтарын қорғап қалу, заңсыздыққа жол бермеу.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу