Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру аясында 14 жоба іске асырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру аясында 14 жоба іске асырылады

16.03.2021

Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мен кадр сапасын арттыру аясында 14 жоба іске асырылады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді. Осыған сәйкес, қызметкердің жұмысын бағлаудың «360 градус» деп аталатын сандық әдісі енгізіледі. Яғни, кадрды басшылық қана емес, әріптестері мен басқа мүдделі тараптар бағалайтын болады. Мәліметтер сақталатын «iQyzmet» ақпараттық жүйесін құру көзделген. Мұнда қызметкердің жынысы, қанша шет тілін білетіндігі сынды түрлі ақпарат болады. Оның құпиялылығы сақталады. Жүйені жасауда агенттік Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибесін ескеріп отыр. Айта кетейік, өткен айда Президент мемлекеттік басқаруды дамытудың тұжырымдамасын бекіткен болатын.

Анар Жайылғанова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
Қаржы болған жағдайда біз бірден жүзеге асыруға шығарамыз. Ол өте жақсы платформа. Неге десеңіз, оның ішінде бүкіл информация болады. Бізде платформа дайын. Оны Президент әкімшілігіне көрсеттік. 

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу