Өскемен қаласының оқушылары жол жүру қауіпсіздігін үйренуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемен қаласының оқушылары жол жүру қауіпсіздігін үйренуде

11.09.2018

Республикалық акция аясында полиция қызметкерлері қала мектептерінде балалармен кездесулер өткізді. Басты мақсат – оқушылардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Оларды жолда жүру ережесін сақтауға үйрету, осы мәселеге ата-аналар мен мұғалімдердің назарын аудару. 

Кездесуде түрлі ойындар ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, инспекторлар мен мұғалімдер рейд өткізді. Шара барысында кешкі уақытта бейсауат жүрген 142 жеткіншек анықталды.

Асылхан Дина, Өскемен қалалық ІІБ инспекторы:

-Бүгін 19-шы мектептің оқушыларымен кездесу өткіздік. Мақсатымыз – балаларға жолдан қалай дұрыс өту керектігін түсіндіру. Олар күнде сабаққа келеді, яғни, жол қозғалысының қатысушы болып саналады. Қауіпсіздік қағидаларын білу күнделікті өмірде қажет.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу