Қостанай облысында электр қуаты 5 тиынға қымбаттаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында электр қуаты 5 тиынға қымбаттаған

11.09.2018

Қостанай облысында электр қуатының орташа құны жыл басынан бері 5 тиынға қымбаттаған. Яғни, қаңтар айында 17 теңге 95 тиын болған 1 кВттың бағасы наурызда  19 теңге 14 тиынға көтерілген еді. Ал қыркүйек айында оның құны 18 теңгеге қайта төмендеді.

Мамандар осылайша баға арзандады дегенімен, жыл басындағы көрсеткішке сәйкес 5 тиынға қымбаттап отыр. Қостанай облысындағы электр желілері мен құрылғылардың басым бөлігі  40-50  жылдан бері ауыстырылмаған. Яғни, мерзімі өтіп, тозығы жеткен. Оларды жаңартып, жөндеу үшін арнайы инвестициялық бағдарлама қабылданыпты. Соңғы екі жылда осы мақсатқа 800 млн. теңгенің сыртында қаржы жұмсалған.

Мәлік Мадияров, Қостанай облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы:

-Көтерілуге жылда болатын себептер: ол жалақының өсуі, сатып алатын жөндеуге қажет материалдардың қымбаттауы, жанар-жағармай бағасының өсуі. Осылардың бәрі тарифтің өсуіне себеп болады. 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу