Теміртаудағы балабақша жұмысын тоқтатуы тиіс - Анна Баркалая - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртаудағы балабақша жұмысын тоқтатуы тиіс - Анна Баркалая

07.09.2018

Екі жасар балаға зәбір көрсеткен Теміртаудағы балабақша жұмысын тоқтатуы тиіс. Ал, баланы тұншықтырған тәрбиеші қатаң жазалануы керек. Қорғансыз сәбиге әлімжеттік жасаған әйелге қозғалған қылмыстық іс бойынша тым жеңіл жаза қарастырылған,-дейді баланың ата-анасы. Сондай-ақ, Нананың анасы оқиғаны ұялы телефонға түсірген екінші тәрбиешінің бейнежазбаны не мақсатпен қолданбақ болғанын түбегейлі анықтап, оны да жауапкершілікке тартқанын қалайды. Шулы видеоның бар екенін біле тұра тиісті органға хабар бермеген балабақша басшысы да «сүттен ақ судан таза» емес, - дейді Анна Баркалая. 

Анна Баркалая, Нананың анасы:

- Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 140-бабы 2-ші бөлімі бойынша тергеу-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз істің бұдан да қатаң бап бойынша қаралғанын қалаймыз. Кінәлілер толық жазаланса екен. Сондай-ақ, балабақшаны мүлде жауып тастауын талап етеміз. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу