Петропавл халықаралық әуежайы жұмысын тоқтатуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл халықаралық әуежайы жұмысын тоқтатуы мүмкін

02.12.2021

Бір аптадан соң Петропавл халықаралық әуежайы жұмысын тоқтатуы мүмкін. Қазақстан Авиация әкімшілігі теріскейдегі әуежайдың жарамдылық сертификатын 10 желтоқсаннан бастап тоқтату туралы шешім шығарған. Әуе компанияларының бірі бұл ақпаратты ресми сайтында жариялап, жолаушыларға алдын-ала сатып алған билеттердің толық құны қайтарылатынын жеткізді. Петропавл халықаралық әуежайынан жолаушылар Нұр-Сұлтан, Алматы және Түркістан қалаларына қатынап келді.

Мақсат Баяхмет, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жетекшісі:

Авиация әкімшілігі бірқатар ескертулер жасады. Сертификат мерзімін ұзарту үшін сол нұсқауларды орындау керек. Нақтырақ айтсақ, ұшақтардың үстіне мұз қатпас үшін пайдаланылатын материал сатып алу және әуежайды тиісті мамандармен қамту. 10-желтоқсанға дейін бұл мәселелер шешіледі деп ойлаймын. Сондықтан әуежай жұмысы тоқтатылмауы да мүмкін.


Хабарламаларға жазылу