Түркістан облысында татуласу орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында татуласу орталығы ашылды

06.09.2018

Түркістан облысында кәсіподақтар бірлестігі жанынан татуласу орталығы ашылды. Араздасқанды татуластырып, ұрысқанға ұлағатты жол көрсететін жаңа құрылым елімізде медиация туралы Заңның үстемдігін арттыру мақсатында іске қосылды. Жаңа орталық медиатордың, адвокаттың, сот атқарушысының, нотариустың, психологтың қызметі бір жерге топтасқан ашық алаң. Орталық еңбек және өзге де дауларды сотқа дейін жеткізбей бітімгершілік жолымен шешуге септігін тигізетін болады. Жалпы сот жүйесіндегі мұндай жаңашылдық өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Мәселен, биылғы жарты жылдың өзінде Шымкент қаласында 442 азаматтық істің тең жартысы соттың араласуынсыз медиация көмегімен шешілген. Бүгінгі таңда облыстағы кәсіподақтар орталығына 217 мың адам мүше. Құрылым 18 салалық бірлестіктен тұрады.

Берік Бекжанов, Түркістан облыстық кәсіподақтар орталығы ұйымының төрағасы:

- Осы бағыттағы реформаларды жүзеге асыру барысында осындай татуластыру орталықтары дауларды сотқа жеткізбей кінәлі, кінәсізді іздемей татуластырып жіберсе, қоғамымызда дауласу емес татуласу қоғамы деген қағида орын алады деген ойдамыз. 

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу