Күріш алқабын тамшылатып суғару өнімді 2 есеге арттырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күріш алқабын тамшылатып суғару өнімді 2 есеге арттырды

31.08.2018

Қазақстандық ғалымдар күріш алқабын тамшылатып суғарса, өнім бұрынғыдан 2-3 есе көп болатынына көз жеткізді. «Сондай-ақ, бұл технология топырақтың құнарлылығын арттыруға да ықпал етеді», - дейді олар. Шаруалар биыл тамшылатып суғару арқылы 1 гектардан 40-45 центнер өнім алған. Бұл жайылма алқаптағы күріштен 2 есеге көп. Сондықтан, ғалымдар егіс алқаптарын болашақта тамшылатып суғаруға көшіруді ұсынуда. Өйткені, қазіргі таңда әлемде судың тапшылығы сезілуде. Қазақ елінің де бірнеше өзендері трансшекаралық өзендер.

Абдулла Сапаров, Топырақтану ғылыми-зерттеу институтының директоры:

- Бізде тұзды топырақтың көлемі артып, ондағы өнімдер 2-3 есе азайып барады. Ал, Қытайда тамшылатып суғарудың озық технологиясы бар екен, неге соны өзімізде пайдаланбасқа деп жоба жасап, алқапта 3 жыл бойы жүргіздік. Нәтижесінде біз суды пайдалануды 2,5-3 есеге дейін азайтатын, топырақтың құнарлылығын арттырдық.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу