Еліміздің екі бірдей еңселі жобасы қаржыландырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің екі бірдей еңселі жобасы қаржыландырылды

29.04.2014
Еліміздің екі бірдей еңселі жобасы қаржыландырылды
Халықаралық қайта құру және даму банкі еліміздің екі бірдей еңселі жобасын қаржыландыратын болды. Бүгін Үкімет үйінде тараптар маңызды келісімге қол қойды.
 
Банк берген 138 миллион доллардың 102 миллионы  ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіруге жұмсалады. Яғни, еліміздегі құрғақшылыққа бейім оңтүстік облыстарында орналасқан трансшекаралық өзендерді қалпына келтіру. Су маңайындағы үлкенді-кішілі ауылдардың тұрмыс-тіршілігін түзеу.
 
Ал қомақты қаржының қалған 36 миллион доллары отандық сот жүйесіндегі құқықтық реформаларды қолдауға бағытталады.
 
Бақыт Сұлтанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ҚР Қаржы министрі:
Бүгінгі пайыз -  бір пайыздан да төмен. Несие 8 және 18 жылға беріледі. Осындай жобалар арқылы жай ғана несие алмаймыз, халықаралық стандартты енгізуге де мүмкіндік береді.
 
Шебнем Аккая, Дүниежүзілік Банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілі:
Екі жоба да өте маңызды. Халықаралық қайта құру және даму банкі осы уақытқа дейін де Қазақстанның бірнеше жаңа жобаларының жүзеге асуына дәнекер болған. Әсіресе, білім-ғылым саласын қаржыландыруға банк көп көңіл бөлді. Алда да ынтымағымыз беки түсері сөзсіз.
 
 
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу