Польша саясаткері: Ядросыз әлем құруға үндеген Қазақстанның бастамасын жаһан елдері қолдауға міндетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Польша саясаткері: Ядросыз әлем құруға үндеген Қазақстанның бастамасын жаһан елдері қолдауға міндетті

30.08.2018

«Ядролық қару-адамзат үшін өз-өзіне ажал шақыру. Осы ажалдан арашалап, ядросыз әлем құруға үндеген Қазақстанның бастамасын жаһан елдері қолдауға міндетті». Бұл-Польшаның сақа саясаткерлерінің пікірі. «Қазақстан Президенті жаһандық деңгейдегі антиядролық қозғалыс құру арқылы- адамзат баласын аждаһа қарудың алапат қаупінен құтқаруға ерекше үлес қосты»,- деп санайды поляк саясаткерлері.

Ежи Вендерлих, Польша саясаткері:

- 29 тамызды ядролық сынақтарға қарсы күрес күні деп жариялау туралы Сіздердің Президенттеріңіздің бастамасы керемет. Қазақстан Президенті тажал қаруынан алғашқылардың бірі болып бас тартып, ядросыз-ақ, тамаша өмір сүруге болатынын көрсетті. Енді, қазақ елінің бастамасы өзге елдердің көшбасшыларына да үлгі болады деген сенімдемін. Жалпы, Қазақстандағы түрлі ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті тұруы, бейбіт, мамыражай өмірге барған сайын қызығамын. Осы тұрақтылық мәңгілік болсын.  

Нұрсұлу ҚАСЫМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу