Қызылорда облысындағы Қазалы ауданында биыл құс фермасы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысындағы Қазалы ауданында биыл құс фермасы салынады

27.08.2018
Қызылорда облысындағы Қазалы ауданында биыл құс фермасы салынады

Қызылорда облысы Қазалы ауданында биыл құс фермасы салынады. Одан бөлек, тағы бірнеше жоба жүзеге асады. 900 жаңа жұмыс орны ашылады. Ауданда жыл басынан бері 8 миллион теңгенің өнімі өндірілді. «Өндірістік аймақта» жалпы құны 172 миллион теңге болатын тағы 8 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Өндірістік аймақта» осы уақытқа дейін 4 өндіріс орны іске қосылды. Енді дәл осы жерге құс фермасы салынады. Жер белгіленді. Инвестормен келісім жасалды. Көп ұзамай құрылыс жұмыстары басталады. Бұл жоба аудан эконимикасына оң әсер етеді деген сенім бар.

Мұрат Ергешбаев, Қазалы ауданының әкімі:

- Құстың балапанын 300 теңгеден сатып беріп, күз айында қайтадан тауық немесе үйрек сатып алу бойынша келісіміміз бар. Балапан алып, оны асырап, өсіріп болғаннан кейін сатып алатын мекеме бар.

Жалпы, ауданда кәсіпкерлік саласы жақсы дамып келеді. Биыл 2 миллиард теңге болатын бірнеше жоба жүзеге асырылады. Алғашқы жартыжылдықта 581 жаңа кәсіпкерлік нысаны тіркелді.   Облыс бойынша жоғары көрсеткіш.    

Мұрат Ергешбаев, Қазалы ауданының әкімі:

- Кәсіпкерлердің белсенділік көрсеткіші жыл басында 76 пайызды құраған болатын. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде көрсеткіш 82 пайыз болды. Жыл аяғына дейін жоспарға сәйкес 86 пайызға жеткіземіз. Жыл басынан бері аудан кәсіпкерлерінің 89 жобасы бойынша 375 млн. теңге неисе алынған. Бұдан бөлек, 2-ші деңгейлі банктер арқылы 21 кәсіпкер 561 млн. теңге несие алған.

Балық шаруашылығын дамыту жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Көлдерге жалғасып жатқан каналдар тазартылды. 21 учаске бойынша 20 бригада балық аулаумен айналысады. Биыл 640 тонна балық өңделді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 63 пайызға артық. 

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу