Шекарашылардың жағдайын жақсарту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекарашылардың жағдайын жақсарту керек

23.08.2018

Ел қорғаны мықты болсын десек, шекара шебінде қызмет етіп жүрген әскерилердің жағдайын жақсарта түсу керек. Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шығыс Қазақстандағы шекара қызметі 2034 әскери бөлімі қызметкерлерімен кездескен Мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан осылай деп отыр. Заң шығару органының өкілі облыс аумағындағы шеткі заставалардың барлығын аралап шықпақ. Мақсат - қорғаныс саласына байланысты кейінгі шыққан заңдардың сапалы іске асуын қадағалап, лайықты қолданысына көз жеткізу. Мемлекет қауіпсіздігі, халықаралық қатынастар, шекара, әскери байланыспен қатар шекаралық бекеттердегі әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы – басты назарда.   

Құдайберген Ержан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Астанада бұл мәселелерді көтеріп, қаржы бөлу жолдарын қарастырамыз.

 

Айдана ДАЙЫРОВА

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу