Биылғы Құрбан айт мерекесі Алматыда ерекше сипатта өтіп жатыр. Себебі, Айт намазынан кейін Орталық мешіттің қасында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Киіз үйлер тігіліп, намазға жиналған халық сол жерден дәм тәтті. Мерекелік шаралар әлі де жалғасып жатыр.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Орталық мешіттің қасында Айт намазынан кейін бірден спорттық жарыстар басталып кетті. Күрес түрлерінен жарыстар, қой көтеру, биік ағашқа өрмелеу сияқты сайыстар өтті. Сондай-ақ, балаларға тегін балмұздақтар таратылып, тәттілер сыйға берілді. 1000 адамға тегін палау таратылды. Құрбан шалуға келіп жатқан халықтың қарасы әлі де көп.
Еркінбек Шоқаев, Алматы орталық мешітінің Бас имамы:
- Құрбан айт барша мұсылмандардың қасиетті мерекесі. Халықты біріктіретін мейрам. Бүгін таңғы 5-тен бастап халыққа қызмет етіп жатырмыз. Құрбан шалуға жүздеген адам келіп жатыр. Осы мейрамелге тыныштық әкелсін. Айттан айтқа аман жетейік.
Мереке қарсаңында қайырымдылық шаралары көптеп өтіп жатыр. Кеше ғана 1300 балаға мектеп құралдары мен сөмкелер берілген. Ал, қазір түскі ас кезінде 1000 адамға ас берілмек.
Аманкелді СЕЙТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.