Бас мүфти Құрбан айт мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас мүфти Құрбан айт мерекесімен құттықтады

21.08.2018

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады. Бас мүфти әр отбасыға амандық, денсаулық, мол ырыс пен бақ-береке тіледі. Күллі мұсылман үмбетінің ұлық мерекесінің бірі - Құрбан айттың маңызын атап өтті.

Серікбай Қажы Ораз, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти:

- Құрбан айт мерекесі күні ел тұрғындарының жүрегінде достық, бауырмашылдық, сүйіспеншілік, өзара құрмет, бір-біріне қолұшын беру секілді сезімдері атойлайды. Ағайын-туыс, құда-жекжат, ұлт пен ұлыстың қарым-қатынасына бақ-береке еніп, сүйіспеншіліктің гүлі қауыз жарады. Ендеше, отандастарымызды және барша мұсылман қауымын келе жатқан Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Алла Тағала айттан айтқа аман-есен жеткізуді жазсын деп тілеймін.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу