Ақтөбе облысында 21 жоба жүзеге асырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында 21 жоба жүзеге асырылуда

10.08.2018

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде таныстырылған жобаларды жүзеге асыруда Ақтөбе облысы республика бойынша көш бастап келеді. Қазіргі уақытта өңірде 21 жоба қолға алынған. Оның ішінде алтауы іске асты. Жобалар негізінен аграрлық, энергетика, өнеркәсіп және денсаулық салаларын қамтиды.

«ЭКСПО - өңірлерді дамыту импульсі» аясында «Ақтөбе Инвест» халықаралық форумы өтті. Осы шараның  аясында ақтөбелік кәсіпкерлер шет елдің озық компанияларымен әріптестік орнатты.

Цифрлық технологияны дамытуға аса мән берілді. Кәсіпорындарды 45-тен 65 пайызға дейін жаңа қондырғылармен жабдықтауға мүмкіндік туды.  Ірі компаниялармен меморандумдарға қол қойды. Енді, жаңа технология бойынша енгізілетін жобалардың санын 30-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу