Қырғызстанда тас көшкінінен қаза тапқан қазақстандық пен өзге де отандастарымыз елге жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанда тас көшкінінен қаза тапқан қазақстандық пен өзге де отандастарымыз елге жеткізілді

31.07.2018

Қырғызстанда тас көшкінінен қаза тапқан қазақстандық пен өзге де отандастарымыз Скрябина мұздығынан қауіпсіз жерге көшірілді. Ақпаратты Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті растап отыр. Эвакуацияланғандар Бішкектегі «Манас» әуежайына жеткізілді. Таудағы туристерді құтқару үшін бүгін таңда елімізден «Казавиас» тікұшағы жеткен еді. Құрамында 9 құтқарушысы бар топ кинологтармен бірге оқиға орнына дереу жетті. Болжамдар бойынша, туристер теңіз деңгейінен 4100 метр биіктікте тас асында қалған.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу