Ирактағы отандастарымыз елге жеткізілді

04.09.2017

Ирактың соғыс жүріп жатқан аймағынан Ресейдің көмегімен шығарылған Қазақстанның 4 азаматы елге оралды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабар таратты. 

Кәмелетке толмаған үш баласы  бар Қазақстан азаматы - 32 жастағы  әйел  туған жерге  оралса,  Қазақстан азаматы  саналатын тағы 3 бала мен олардың анасы -  Ресей азаматы, Грозный қаласына жеткізілген. Аталған екі отбасы да Ақтау қаласының тұрғындары екен. 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу