Лисаков қаласының кеншілері сальмонеллез ауруын жұқтырғаны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лисаков қаласының кеншілері сальмонеллез ауруын жұқтырғаны анықталды

30.07.2018

Қостанай облысындағы Лисаков қаласының кеншілері сальмонеллез ауруын жұқтырғаны анықталды. Өткен аптада Краснооктябрь боксит кен басқармасының қырыққа жуық жұмысшысы астан ұшынып ауруханаға түскен еді. Бәрінің басы айналып, лоқсып, іштері өткен. Оқыс оқиғадан соң дереу арада жедел штаб құрылды. Мамандар ауруды анықтап, әрі қарай таралуына жол бермеудің қамына кірісті. Бүгін зертханалық тексерудің алғашқы нәтижелері жарияланды. 

Гүлім Досымова, Қостанай облыстық қоғамдық денсаулық қорғау департаменті эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы:   

- Барлығы 45 жұмысшы ауруханаға жатқызылып, олардан зертханалық тексеруге қажетті сынамалар алынған. Соның нәтижесінде 17 адамның сальмонеллез дертін жұқтырғаны анықталды. Сонымен қатар, 2 асхана қызметкерінің ағзасынан да сальмонеллез таяқшасы табылды. Олар ауырмаған, бірақ, инфекцияны тарату көзі әбден болуы мүмкін. 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу