Бельгияда «киндер-сюрпризден» сальмонеллез анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда «киндер-сюрпризден» сальмонеллез анықталды

15.04.2022

«Киндер-сюрприз» шоколады денсаулыққа қауіпті. Бельгияда жаппай «сальмонеллез» жұқтыру оқиғасына қатысты тергеу басталды. Естеріңізге салсақ, өткен аптада Бельгиядағы зауыттан шыққан шоколадтан сальмонеллез анықталған. Еуропаның он елінде 150 оқиға тіркелген соң зауыт уақытша жабылды. Сондай-ақ, дүкен сөрелеріндегі 2021 жылдың 15 қазаны мен биылғы 10 қаңтар аралығында шыққан «киндер» тәттілер сатылымнан алынды.

 Арно Готье, инфекционист:
«Сальмонеллез» -таяқшалы бактериялар. Оны жұқтырған адам құсып, дене қызуы көтеріліп, іші өтіп ауырады. Тіпті, өліп кетуі де мүмкін. Францияда киндерді осы сәуірде сатып алып жеген 22 бала сальмонеллез жұқтырып, 8-і ауруханаға түсті. Біздің зертханаға тұрғындар сатып алған киндер-сюрприз шоколадтарын тексеріске өткізіп жатыр.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу