Әлемнің 69 мемлекетінде отандастардың 12 мың жылжымайтын мүлкі рәсімделген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің 69 мемлекетінде отандастардың 12 мың жылжымайтын мүлкі рәсімделген

25.07.2018

Бірақ, ол дүниелердің сомасын білу мүмкін болмады. Өйткені, «декларацияның 240-шы формасында ондай міндеттеме жоқ»,-дейді. Жалпы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы негізінде бекітілген Страсбург конвенциясында мүше елдер салықтық ақпарат алмасуға толық құқылы. Осы ретте қазақстандықтар шет елдегі табыстарын жасырмауы тиіс. Былтыр 70 мыңға жуық адам декларация толтырды. Соның ішінде 27 мыңы 820 млрд. теңгеден асыра ақша рәсімдеген. Қаражат Сингапур, Швейцария, Ливан, Оңтүстік Корея, Ресей сияқты өзге де 108 елдің банктерінде сақтаулы. 

Қайрат Жолмұхамбетов, Мемлекеттік кірістер комитеті Салық салу әдіснамасы департаментінің директоры:  

- Бұл - әлемдік тәжірибе. Кез келген ел өз азаматтарының активтерін білуге міндетті. Бұл нормалар 2009 жылдан бері қарастырылған. Ал, салықтық ақпарат алмасу бізге тексеруге мүмкіндік береді.

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу