АҚШ пен Мексика шекарасында осы айда екінші мәрте бала өлімі тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен Мексика шекарасында осы айда екінші мәрте бала өлімі тіркелді

26.12.2018

8 жастағы жеткіншек әкесімен америкалық шекара агенттерінің қамауында болған. Күзетшілердің бірі баланың ауырып отырғанын байқап, ауруханаға жеткізеді. Ем көрсетілгеннен кейін бала қамау орталығына қайта жіберіліп, алайда, кешкісін ол өзін нашар сезінген екен. Ауруханаға түскен бала сол жерде жан тапсырды. Қазір бұл оқиға тергеліп жатыр. Ай басында АҚШ шекарасында 7 жасар қыз қамау орталығында қайтыс болған еді. Трамп әкімшілігі АҚШ-тан пана сұрап, жаңа өмір бастауды армандап, Мексикамен арадағы шекараға жеткен мигранттардың елге кіруін қатаңдатты. Енді олар АҚШ аумағына кіру үшін заңды рұқсат алуды бірнеше ай бойы күтуге мәжбүр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу