Елордада кәмелет жасына дейінгі балаларды оңалту кабинеті ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада кәмелет жасына дейінгі балаларды оңалту кабинеті ашылды

19.07.2018

Астанада кәмелет жасына дейінгі балаларды оңалту кабинеті ашылды. Мұнда аптасына 5 күн жеткіншектердің қимыл-қозғалысын қалпына келтіру жаттығулары жасалып, мамандар психологиялық көмек көрсетеді. Қызметтері ақысыз.

Сондай-ақ, бұл орталық ата-аналар үшін де тиімді болып отыр. Өйткені, 2-3 сағатқа балаларын қалдырып кетулеріне кедергі жоқ. Оңалту кабинетінде ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту құрылғылары, денені тік ұстау және массаж жасауға арналған үстелдер бар. Қоғамдық ұйым өкілдері осындай орталықтарды көптеп ашуды көздейді. Бірақ, жабдықтарын алып, мамандарды тартуға демеушілік жетіспейтіндігін айтады. 

Қамқа Жасанова, «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» ҚБ төрағасы:

- Бізде 130 бала әлеуметтік арнаулы көмектер алады. Мақсатымыз - аналарға көмектесу. Өйткені, төрт қабырғада отыра бермей аналарды бір мезгіл осындай орталықтарға шығарып, екі-үш сағат құжаттарын істесе де қолдарын босатайық деген біздің мақсатымыз сол. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.           

Хабарламаларға жазылу