Жазғы демалысқа шыққан депутаттар аймақтарды аралап жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазғы демалысқа шыққан депутаттар аймақтарды аралап жүр

18.07.2018

Мәжілісмендер Әбдіманап Бектұрғанов, Омархан Өксікбаев және Марат Бопазов Алматы облысы Қапшағай қаласындағы спорт алаңдарының жұмысымен танысты.

«Нұр Отан» партиясының депутаттық фракция мүшелерімен кездесуге жас спортшылар мен тұрғындар келді. Қала басшылығының сөзінше, былтыр Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп жанынан футбол, волейбол, баскетбол, воркаут, боксерлік алаңдар, киім ауыстыратын бөлмелер салынып, ел игілігі үшін пайдалануға берілген. Сондай-ақ, стадион маңында 45 көлікке арналған арнайы автотұрақ та ашылған. Ал, биыл партияның жаңа жобасы аясында қосымша 14 млн. теңгеге жүгіру жолдары, баскетбол мен футбол алаңдарының қоршауларын жасау жоспарда бар. 

Әбдіманап Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Спорт - денсаулық кепілі. Жасымыз болсын, үлкеніміз болсын, денсаулығымыз жақсы болса, жұмыс та дұрыс болады, еліміз де қуатты болады. Жалпы, партияның жобасы аясында Қапшағай қаласындағы кітапханаларды цифрландыруға байланысты біраз жұмыс атқарылып жатыр.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу