Риддердегі металлургтерге дер кезінде медициналық қызмет көрсетілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Риддердегі металлургтерге дер кезінде медициналық қызмет көрсетілмейді

12.07.2018

Облыс орталығынан шалғайда жатқан «Казцинкмаш» жұмысшылары дәрігерге қаралу үшін 1,5 сағаттық жердегі қалаға қатынауға мәжбүр. Мәжілістің бір топ депутаттарымен кездескен кәсіпорын қызметкерлері өздерінің проблемаларын ашық айтты. Жұмыстың сапасын арттыру үшін әлеуметтік мәселелер дер кезінде шешімін табуы тиіс деген халық қалалулылары жұмысшыларға елдегі соңғы реформалары туралы баяндады. 

Қанат Мусин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әрбір аудан, әрбір кентте өздерінің бір мәселесі бар. Ол су, жылу, электр қуатымен қамтамасыз ету жағдайы. Одан басқа, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы бойынша да сұрақтар көп болып жатыр.

 

Айдана ДАЙЫРОВА

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу